Біз Сізден аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді және электронды поштаңыздың мекенжайын сұраймыз. Бұл ақпарат Сіздің тапсырысыңыздың қатысындағы қандай да бір мәселелер бар болса немесе бронь қоюды электронды растау керек болса тапсырысыңызды өңдеуге көмектеседі. Егер сіз «Wizard» мүшесі болып табылсаңыз, Сіздің броньді өңдеу үдерісін тездету мақсатында біз Сіздің мүшелік сәйкестендірушіңізді біздің дерек қорымыздағы Сіз туралы бар ақпаратпен байланыстыру үшін пайдалатын боламыз.
Қандай ақпарат «Avis» компаниясымен түрлендіріледі?
IP-мекенжайы: Сіз біздің веб-сайтымызға кірген кезде Біз Сіздің IP-мекенжайыңызды жазып аламыз. Бұл мекенжай тек Сіздің Ғаламтор қызметтерін жабдықтаушыңызды (ҒҚЖ) ғана сәйкестендіреді және Сіз туралы ешбір ақпаратты өзіне қоспайды. Біз бұл деректерді сайтымыздың трафик көзін бақылау және оны жақсарту үшін пайдаланамыз.
«Avis» Сіздің ақпаратыңызды қалай қорғайды?
Егер кредиттік карталардың деректері және т.б. сияқты тиісті қорғалуды талап ететін ақпарат туралы сөз қозғалса, біз шифрлеу технологиясын пайдаланамыз - SSL (Secure Socket Layer) ақпаратты қорғау хаттамасы.
Онлайн науқандар
Егер сіз сайтымыздағы қандай да бір сайысқа қатыссаңыз, біз қажет болған жағдайда Сізді хабарландыру үшін Сізден белгілі бір жеке деректеріңізді сұрайтын боламыз. Әрбір сайыстың немесе жарнамалық науқанның шарттары өзгеріске ұшырауы мүмкін болғандықтан, онда бұл шарттар немесе ережелер сайыс/науқан уақытында жарияланатын болады. Егер сыйлық үшінші тұлғалар арқылы берілсе, мұндай деректер сыйлықтарды тарату үшін оларға берілетін болады.
Онлайн-сауалнамалар
Егер сіз қандай да бір сауалнамаға қатысатын болсаңыз, Сізден жасыңыз және/немесе кірісіңіз және т.б. сияқты демографиялық деректерді сұрауы мүмкін. Сіз бұл деректердің барлығын немесе ешқандайын беруді ұйғарасыз. Бұл сауалнамалардың нәтижелері біздің веб-сайтымыздың атқарымдарын және қолайлылығын жақсарту үшін пайдаланылатын болады.